Алматыда Бөкейханов көшесі уақытша жабылады

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыда Бөкейханов көшесінің Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.

«Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 24 маусым күнгі сағат 23:00 мен 25 маусым күнгі сағат 06:00 аралығында Бөкейханов көшесінің Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толық шектеледі. Жолға орташа жөндеу жұмыстары жасалады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз» делінген хабарламада .



Соңғы жаңалықтар