Алматыда бөгде біреудің көлігін ұрлап кеткен екеу ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі ер адам «Тойота Хайландер» көлігін ұрлап мініп кеткен. Ұрылар кілтті гардеробтағы киімнің қалтасынан алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы тұрғыны Медеу ауданы бөлімшесіне көлігі ұрланғаны туралы айтып, шағым түсірген.
«Бойжеткен дәмханалардың біріне демалуға барған. Киімін гардеробқа өткізген. Гардероб қызметкері екеуіне әйелдің сырт киімін шатастырып алып келген. Олар сырт киімнің қалтасын тінтіп, кілтті алып үлгеріп, киімді қайта өткізеді. Бойжеткен көлігінің жоқтығын бірнеше сағаттан соң ғана білген. Ол уақытта қаскөйлер қаладан шығып үлгерген. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде көлік Қапшағай қаласы маңынан табылды», - деді Медеу аудандық ІІБ басшысы Болат Тотыбаев.

Бірнеше сағатан соң аталған іске қатысы бар деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Олар қылмыстық жауапқа тартылып жатыр.
Олардың көлікті не мақсатпен айдап кеткені кейін анықталады.

Соңғы жаңалықтар