Алматыда BMW жүргізушісі қоршауға соғылып көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 29 жастағы BMW жүргізушісі қоршауға соғылып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

BMW көлігі солтүстік айналма жолымен оңтүстікке бағыт алып бара жатқан.

Кенеттен жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, қоршауды қиратып тоқтады.

Соққыдан қоршаудың метал сынықтары жүргізушінің басына кіріп кеткен.

Соның салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Ер адамның денесін шығарып алу үшін Құтқару қызметіне қоршауды кесуге тура келді.

Жол апатының мән жайын полиция анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар