Алматыда BMW жүргізушісі блокпостта тұрған полицейді қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда BMW көлігінің жүргізушісі блок постта тұрған полиция қызметкерін қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға бүгін Медеу ауданында болған.

«Талғар тас жолымен келе жатқан BMW көлігі №13 блокпостта қызметін өтеп тұрған полиция қызметкерін соқты. Полиция қызметкері дін аман. Көлікті тізгіндеген 77 жастағы ер адамға қатысты ҚР ӘқбК 610 бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл іс Медеу аудандық ПБ өндірісінде жатыр», - деді ПД баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар