Алматыда «БМВ» қағып кеткен қыздардың бірінің жағдайы ауыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «БМВ» көлігі қағып кеткен қыздардың жағдайы туралы дәрігерлер түсініктеме берді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Аурухананың жарақат бөлімінің меңгерушісі Рамазан Әскеровтің айтуынша, қыздар қазір №7 қалалық ауруханада емделіп жатыр.

«Қыздардың бірі 19 жастағы Кәмшат Құрымбаеваның сан сүйегі сынып, бұлшық еті жыртылып, басы жарылып, миы шайқалған. Бойжеткенге екі рет ота жасалды. Сан сүйегі мен бұлшық еті қалпына келтірілді. Кейін арнайы фиксаторлармен бекітілді. Пациент жарақат бөліміне ауыстырылды. Сондай-ақ, оның бас сүйегіне трепанация жасалды», - деді Рамазан Әскеров.

Жарақат алған 20 жастағы екінші қыз Клара Исламованың жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр.

«Бойжеткеннің басы жарылған, бет сүйегінің қаңқасы сынған. Сол жақ сан сүйегі сынған», - деді.

Бойжеткеннің сан сүйегіне ота келесі аптада жасалады.

Айта кету керек, жол апаты 26 қыркүйекте таңғы 08:40 шамасында Райымбек көшесінде болған. Жүргізуші көлігімен жолдан өтіп бара жатқан екі қызды қағып, оқиға орынан қашып кеткен.

Жол апатынан соң қайғылы оқиғаны көзімен көрген куәгерлер сұралды, жергілікті бақылау камералары тексерілді. Сол күні жақын жерде соғылған белгілері бар «BMW 525І» табылған. Соның арқасында көлік иесі анықталды.

Ол 25 жастағы Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Ермек Нәсіл ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлімі және ҚР ҚК 341-бабының 2-бөлімі бойынша жауапқа тартылмақ.

Соңғы жаңалықтар