Алматыда блокпостар қойыла ма

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалаға облыстан кіретіндерге және шығатындарға шектеу болмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онлайн брифинг барысында журналистер қалада блокпостар қойыла ма деген сауал қойған болатын.

«Жоқ. Қала сыртында блокпостар қойылмайды. Тұрғындар қалаға, облысқа емін еркін кіріп шыға алады», - деді Ж.Бекшин.

Айта кету керек, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өткенін жазған едік. Онда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қаралды.

Осыған байланысты қала әкімі карантин шаралары туралы мәлімдеме жасаған еді.


Соңғы жаңалықтар