Алматыда блок-посттан өту үшін шу шығарған мас адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда мас адам блок-пост арқылы өтпек болып шу шығарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Бейнекадрда бірнеше полиция қызметкері блок-посттан өтуге тырысқан адамды жібермей тұрғаны түсірілген.

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл оқиға бүгін таңертең Іле ауылына кіреберісте 71 разъезд бойында орналасқан №2 блок-постта болған.

«Мас адам полицияның заңды талабын орындамаған. Тәртіпті бұзған адамға қатысты тиісті шаралар қабылданады», - деді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Соңғы жаңалықтар