+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Алматыда блок-бекетте көлік тонаған адам ұсталды

2020 жылғы 25 наурыз 11:35
Бөлісіңіз:
Алматыда блок-бекетте көлік тонаған адам ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда блок бекетте көлік тонаумен айналысқан адам қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда шетел азаматы блокбекетті айналып өтпек болған Таразда блок бекеттегі тәртіп сақшысын ұрған ер адам қамауға алынды Ақтөбеде блок бекеттердің жан-жағы түгел қазылды

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға Жандосов көшесіндегі блок бекетте Ақжар шағын ауданында болған. 31жастағы ер адам «SsangYong» көлігінің иесі алыстап кеткенін байқап, бүйірдегі терезесін сындырып, кейс, ноутбук, зат толы сөмкесін алып кеткен.

Көлік иесі бірден полицияға шағымданды.

«Күдікті бірнеше сағат ішінде ұсталды. Заттық айғақтар қолында болған. Оны сатып үлгермеген. Қазір ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды», - деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының басшысы Дидар Аханов.

Полиция азаматтарды оңай олжа іздеушілерден барынша абайболуға шақырады.

Айта кету керек , бүгін блок бекеттен тыс астыртын жолдармен Алматыға кірмек болған 2 адам ұсталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT