Алматыда «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 239 жоба қолдау тапты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл Алматыда "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында 239 жоба қолдау тапты, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

 Ағымдағы жылдың он айында Алматыда аталған мемлекеттік бағдарлама бойынша 239 жоба қолдау тапты. Бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  2,5  есеге көп. Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Алмас Мәдиев мәлім етті. Ол мегаполисте кәсіпкерлікті дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтінгінде көрсеткіші бойынша Алматы отыз бесінші орынды иеленіп, Бруней Даруссаламнан кейінгі даму көрсеткіші жоғары болып саналды. «Doing Business» рейтінгінде өз орнын сақтап қалудан соңғы он екі жыл ішінде төртінші рет үздік ондыққа енді.

 «Мемлекет қолдауын тапқан кәсіпкерлер саны жылдан жылға артып келеді. Мәселен 2011 жылы бизнестің жол картасы мемлекеттік бағдарламасы аясында  31 жобаға қолдау көрсетілсе, ағымдағы жылдың 10 айында 239 жобаға көмек көрсетілетін болды. Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы алғашқысымен салыстырғанда 2,5 есеге өсті. Екінші бесжылдық бойынша 175 млрд теңгені құрайтын 79 жоба жүзеге асып, 11 мың тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр», деді А.Мәдиев.

Сонымен қатар ол биыл Алматыда Инвесторларға қызмет көрсету орталығы құрылып, онда 160 кездесу өткізілгенін, соның ішінде 23 ірі халықаралық бизнескөрме ұйымдастырылғанын жеткізді. Соның арқасында әлемнің 13 ірі мегаполисімен байланыс орнатылған.

Сонымен қатар,  аймақаралық кооперация негізінде Алматыға он бизнес делегация келіп, қала әкімі, аудан әкімдерінің қатысуымен 29 келісімшартқа қол қойылған және Алматыдағы 6 ірі сауда жүйелеріне азық-түлік жеткізілуде. 

Соңғы жаңалықтар