Алматыда бизнестің 45% әйелдер басқарады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Women in business» кәсіпкер әйелдердің екінші форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форумға қатысушылар бизнес орта, әйелдер бизнесі, экономикалық саясат, қалалар инфрақұрылымы, мәдениет және экология, салалық мамандану, экономиканың әлемдік трендтерін дамытудың өзекті мәселелеріне назар аударды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанованың айтуынша, Алматыдағы бизнестің 45 пайызын әйелдер басқарады. Жұмыс істеп тұрған 174,5 мың шағын және орта бизнестің 78 мыңына әйелдер жетекшілік етеді.

«Республикада бұл көрсеткіш 43%-ға тең (1,2 млн кәсіпкердің ішінде 536 мыңы әйел). Олар былтыр «Атамекеннің» ұйымдастырған бизнес сабағына қызығушылық танытты. «Еңбек» бағдарламасы аясында Қазақстанда 75 мың адам курсты оқыды, олардың 40 700-і нәзік жандылар. «Бастау» жобасы бойынша курстан өткен 55 мың адамның, 30 500-і тағы да әйелдер. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 10 мыңнан астам келіншек бизнестің қыр – сырын үйренді», - дейді Ләззат Рамазанова.

Спикердің пікірінше, қыздарды технология және нақты ғылымдарға қазірден бастап тарту қажет, сондай-ақ жаһандық экономикалық сын-тегеуріндерді ескере отырып, әйелдерге арналған кәсіпкерлікті дамыту бағдарламарын құру, кәсіпкер әйелдердің ісіне несие беру бағдарламаларын қолжетімді ету, қаржыға қолжетімділіктің жаңа платформаларын құру (мысалы, краудфандинг, венчур арқылы) қажет.


Соңғы жаңалықтар