Алматыда бизнесті заңсыз тексермек болғандар жауапқа тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық прокуратурасы мегаполистегі 2 мыңнан астам бизнес субъектілерін заңсыз тексеруден қорғап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомства мәліметінше, Алматы қаласы прокуратурасының бизнес құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді тобына жеке кәсіпкер жүгінді. Азық – түлік сатумен айналысатын кәсіпкер полиция оның құжаттамасын тексеруге қаншалықты құқылы екенін білгісі келді. М. Әуезов ауданы прокуратурасы тәртіп сақшылары аудандық полиция басқармасының бұйрығымен бекітілген профилактикалық іс-шаралар аясында жеке кәсіпкерге тексеруге барғанын анықтады. Шара аясында барлығы 6 базарды және 824 басқа сауда орындарын (2 мыңнан астам кәсіпкер) қамту көзделген.

«ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 140-бабына сәйкес бизнес субъектісіне бару және қажетті ақпаратты талап ету тексеру шаралары болып саналады. Елімізде кәсіпкерлік нысандарын тексеру бойынша мораторий енгізілген. Осыған байланысты прокуратураның қадағалау актісі бойынша полиция бұйрығына өзгерістер енгізілді, базарлар мен өзге де сауда орындарын сатушыларды бақылау туралы талаптар алынып тасталды», - деп хабарлады пркуратурадан. Кінәлілер тәртіптік жауапқа тартылды.


Соңғы жаңалықтар