Алматыда бизнесі зардап шеккен 601 кәсіпкердің өтінімі оң шешімін тапты

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бинесі зардап шеккен кәсіпкерлердің мақұлданған өтінімдері күн сайын артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда шағын және орта бизнес субъектілеріне мүліктік зиянды анықтау жөніндегі Аймақтық комиссияның бүгінгі отырысында кәсіпкерлердің жалпы сомасы 122,2 млн теңгеге 56 өтінімі мақұлданды. Оның ішінде 66,9 млн теңге сомасына 30 өтінім бюджет қаражаты есебінен, «Жаңа Алатау» қайырымдылық қорының қаржысынан 55,3 млн теңгеге 26 өтінім төленді. Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасында мәлім етті.

«Алматы қаласы бойынша комиссия жұмысын басталғалы бері барлығы 1118,6 млн теңге сомаға 601 өтінім мақұлданды», - деп хабарлады басқармада.

Жалпы, Алматыда кәсіпкерлердің мақұлданған өтінімдері күн сайын артып келе жатқанын байқауға болады. Себебі, осыдан екі күн бұрын Алматыда бизнесі зардап шеккен 545 кәсіпкердің өтініші мақұлданған еді. Ал бүгінде 600-ден асты.



Соңғы жаңалықтар