Алматыда бизнес орталығына «бомба қойылды»

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда белгісіз біреу бизнес орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Абай мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында орналасқан бизнес орталыққа жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Жедел әрекет ету шарасы бойынша қызметкерлер мен келушілерді эвакуацияладық. Қазір бұл іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Арайлым Жолдасбай

Соңғы жаңалықтар