Алматыда бизнес центрге келушілер мен қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда күдік туғызған иесіз сөмкенің кесірінен бизнес орталықтың жұмысы біршама уақытқа тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД хабарлауынша, иесіз сөмке туралы хабарлама 102 пультына түскен.

«Иесіз затты зарарсыздандыру үшін қаланың жедел күштері тартылды. Ең алдымен орталықтағы барлық қызметкерлер мен келушілер түгел шығарылды. Біршама уақыт өткенде күдікті сөмкенің иесі табылды. Әйел оны ұмытып кеткен. Барлық қызметкерлер жұмысына қайта кірісті», - деді баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар