Алматыда биылғы I тоқсанда 683 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап жұмыссыздарды қысқа мерзімді курстарға жіберу басталады. Сондай-ақ, аз қамтылған отбасыларға атаулы көмек беріледі. Бұл туралы онлайн брифинг кезінде Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері азаматтар өз бизнесін ашу және іске асыру үшін 165 адам 583 мың теңгеге дейін өтеусіз гранттар алды. Негізгі қызмет түрлері — тігін ісі, тамақ дайындау, маникюр, шаштараз өнері және басқа да қызметтер.

«Жұмыста аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері маңызды орын алды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында әлеуметтік төлемдердің 17 түрі мен 28 мыңнан астам адам қамтылды. Егер отбасының бір мүшесіне шаққандағы табысының төмендігі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспайтын болса, отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төленеді», — деді басқарма басшысы.

Аталған атаулы әлеуметтік көмекті жұмыс істесе де, жалақысы төмен азаматтар, мүгедектер, зейнеткерлер және т.б. аз қамтылған топтағылар ала алады. Көмек көрсетудегі басты мақсат - жұмысқа орналастыру және азаматтарға қиын жағдайдан шығуға көмектесу.

«Сондықтан еңбекке қабілетті көмек алушылар жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу үшін жіберіледі. Бұл осы отбасылардың қаржылық жағдайын одан әрі жақсарта алады. Сондай-ақ, атаулы көмек алушыларға телевизиялық, абоненттік жалғамаларды жеткізу және орнату бойынша қызметтер тегін көрсетіледі», — деп қорытты Назира Тоғызбаева.

Еске салсақ, биылғы I тоқсанда 683 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды. 1 сәуірдегі жағдай бойынша 135,7 мың отбасындағы 683,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінді.



Соңғы жаңалықтар