Алматыда биыл су тасқынынан келер қауіп жоқ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл Алматыға қар суынан келетін қауіп аз.

Бұл туралы қалалық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Андрей Плеханов айтты. Оның айтуынша, Алматы қаласы көктемгі су тасқынына төтеп беруге дайын.

«Алматы қаласына негізінен Іле Алатауы аңғарында орналасқан Кіші және Үлкен Алматы өзендеріндегі ылғал мөлшері тікелей әсер етеді. Биыл бұл аймақтарда ылғал мөлшері қалыпты жағдайдан аз. Сондықтан, Алматыда су тасқынынан қауіп жоқ десе де болады. Ал Алматының маңайында орналасқан аудандарда, атап айтқанда, Талғар ауданында ылғал мөлшері жылдағыдан көп түсті», - деді ол.

Оның айтуынша, жақында қалада «Көктем-2014» республикалық штабтық командалық оқыту-жаттығу шаралары өткізіліп, нәтижесінде 12 шақырым өзен сағасы, 30 шақырым арық желісі қоқыстар мен қардан тазартылды.

«Қардың қарқынды еруі үйлер мен нысандарға залалын тигізбес үшін алдын алу шаралары ұйымдастырылып отыр. 15 наурызда қала әкімдігімен келісе отырып, жалпы қалалық сенбілік өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл шараға департаменттің, полиция академиясының жеке құрамдары, әкімшіліктер мен басқармалардың қызметкерлері жұмылдырылатын болады», - деді қалалық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы Андрей Плеханов.

Соңғы жаңалықтар