Алматыда биыл «Alma-Qala» акциясы аясында 30 000-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылады - Е. Стамбеков

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл Алматыда дәстүрлі «Alma-Qala» акциясы аясында 30 000 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында Парыз» қайырымдылық қорының президенті, белгілі кәсіпкер Ерлан Стамбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, биылғы акция «Алматы Әлем алмаларының отаны» деген ұранмен өткізіледі. Сәйкесінше, алма көшеттеріне басымдық беріледі.
«Қазіргі таңда отырғызуға дайын 10 000 көшетіміз бар. Акция алдағы 12 наурыздан 24 сәуірге дейін жалғасады. Акция барысында бізге көптеген қала тұрғындары да қосылатыны сөзсіз. Сәйкесінше, отырғызылатын ағаш көшеттерінің саны да арта түседі. Акцияның мақсаты әрбір қала тұрғынының өз қаласы, көшесі, ауласы үшін жауапкершілігін арттыру. Егер әрбір алматылық азамат өз өмірінде ең болмаса бір тал ағаш көшетін отырғызатын болса, Алматы жасыл желекке оранған қала болары сөзсіз. Енді қала тұрғындары және кәсіпкерлердердің қолдауы арқасында акция соңына дейін 30 мыңдай ағаш көшеті отырғызылады деген үміттеміз», - деді Ерлан Стамбеков.

Сонымен қатар, акцияны ұйымдастыру комитетінің өкілдері қазір бірқатар тәлімбақтармен келісімге келгендіктерін мәлімдеді. Яғни, акция аясында олардан көшеттерді төмен бағамен сатып алуға болады. Алдағы уақытта қалада көшеттерді төмен бағамен сатып алуға болатын бес орын белгіленеді.

Қала тұрғындары көшет отырғызу және көшет отырғызалатын орындарды анықтау бойынша мына телефондарға: +7 747 6496840,
+7 7272960766, + 7 7273282534, +7 7074610790 хабарласуға немесе [email protected] электронды поштасына және https://www.facebook.com/groups/AlmaQala1/ Faсebook парақшасына хабарласып, қосымша ақпарат алуға болады.
Айта кетелік, «Alma Qala» акциясы аясында 2014-ші жылы Алматыда 9500 ағаш көшеті отырғызылған болатын. Бұл шараға 5 мыңға жуық қала тұрғыны қатысты. Ал 2015 жылы 15 000 ағаш көшеті отырғызылды. Оған да 5 мыңға жуық қала тұрғыны қатысқан еді.
Биылғы акцияға да кез-келген қала тұрғыны қатысып, мүмкіндігіне қарай, ағаш көшетін сатып алып, отырғызуына болады. Бір көшеттің құны 250 теңгеден 2000 теңгеге дейін.

Соңғы жаңалықтар