Алматыда биыл алғашқы 6 айдың ішінде инфляция 10,3% -ға өсті
2022 жылғы 7 шілде 16:20

Алматыда биыл алғашқы 6 айдың ішінде инфляция 10,3% -ға өсті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бағаның жоғары өсу қарқыны сақталуда. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, Алматыда жыл басынан бері 6 айдың қорытындысы бойынша инфляция 10,3%-ті құрады.

«Инфляцияға негізгі үлес бірінші кезекте азық-түлік бағасының өсуі есебінен қалыптасты. Ол 16,4%-ті құрады (жылдық есептеуде - 19,5%). Ең көп өскені - қант (2 есе, 560 теңгеге дейін), пияз (+90,2%, 156 теңгеге дейін), нан (+18,3%, 95 теңгеге дейін), сүт (+18%, 328 теңгеге дейін) бағасы. Олардың тұтыну бағасының индексіндегі үлесі 2,2 пайыздық тармақты құрады.

Дегенмен, жұмыртқа бағасының төмендеуі (0,4%-ке, 460 теңгеге дейін) және сиыр еті (0,9%-ке, 2 350 теңгеге дейін), сары май (5,6%-ке, 3 400 теңгеге дейін), тұз бағасының (6,5%-ке, 66 теңгеге дейін) шамалы өсуі байқалады», - деді Ерболат Досаев.

Ол сондай-ақ жеткізу тізбегінің бұзылуы және теңге бағамының тұрақсыздығына байланысты жоғары инфляциялық күтімдер әлі сақталатынын айтты.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT