Алматыда биыл 9 мұзды көлдің суын азайтуға 90 млн. теңге қарастырылған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда биыл 9 мұзды көлдің суын азайтуға 90 млн теңге қарастырылған. Бұл туралы «Қазселденқорғау» мекемесінің басшысы Самат Дәуленханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандардың айтуынша, Алматы маңайында 36 мұзды көл бар екен. Олардың 17-сі қауіпті көлдер қатарына жатады. Ал, 9 көл арнасынан асып жарылудың аз-ақ алдында тұр.

null

Бүгін тау шатқалында құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен көшпелі жиын өтті.

Былтыр қауіпті көлдердің суын азайтуға 61 млн. теңге жұмсалған болатын.

Бұл қаражатқа 6 мұз көлді босату бойынша жұмыстар жүргізіліп, 6,9 млн текше метр су сорылды. Сондай-ақ, былтыр жергілікті бюджеттен тереңдікке орнатылатын 10 сорғышты сатып алуға 68 млн теңге бөлінген еді.

null

«Қазселденқорғау» АҚПБ ММ бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес 2017 жылы мұз көлдерді босатуға 90 млн 76 мың теңге бөлінді. Бұл былтырғыға қарағанда 1,5 есе көп. «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сәйкес биыл Іле Алатау жоталарының биік таулы аймақтарының температуралық көрсеткіші сел қауіпті кезеңді біраз кешіктірді. Биыл «Ақсай», «Қарғалы», «Үлкен» және «Кіші Алматы» өзендері алаптарында 8 биік таулы маусымдық және 9 тұрақты бекет ашылды. Осы мақсатта бюджеттен 10 тұрғын үй модулін сатып алуға 13 млн теңге бөлінді», - деді Самат Дәуленканов.

Мамандар қуаты сағатына 400 текше метр су айдай алатын сорғыш орнату арқылы 9 көлдегі су деңгейін азайтуды жоспарлап отыр.

null

Осы мақсатта  8 ауыр техника (тракторлар, экскаваторлар), 2 ҚР ІІМ ТЖК мен Алматы қаласы әкімінің жанындағы құтқару қызметінің авиациялық техникасы, «Қазселденқорғау» АҚПБ жеке құрамынан 15 адам, мердігер ұйымдардың 130 адамы жұмылдырылады. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар