Алматыда биыл 58 бағдаршам таймермен жабдықталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда биыл 58 бағдаршам таймермен жабдықталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі, қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бағдаршамда уақыт көрсететін табло Алматыда тұңғыш рет 2009 жылы орнатылған болатын. Содан бері бұл жүйе жол қозғалысын реттеуде үлкен үлес тигізді.

«Қазір 244 бағдаршамда 1 мың 687 табло орнатылған. 2015 жылы тағы да 58 бағдаршамды жабдықтау жоспарланып отыр. Таймер таблосын орнату жол қозғалысында үлкен жеңілдік туғызып отырғаны рас. Алматыда 18 реттелетін жаяу жүргін жолы қосымша жарықтандыру жүйесімен жабдықталған. Биыл олардың санын 24-ке жеткізу көзделуде», - деді қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Жандос Мұраталиев.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, негізгі магистралды қиылыстарда жол белгілері мен бағдаршамдар арнайы консольды-аркалық констуркцияларға орнатылған. Бұл жолаушылар мен жүргізушілерге жол белгілерін анық әрі алыстан көруге ыңғайлы.

Соңғы жаңалықтар