Алматыда биыл 156 тұрғын үй пайдалануға беріледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2014 жылы 156 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Болат Сауранбаев мәлім етті.

«Биыл қалада 156 тұрғын үй пайдалануға беріледі, олардың ішінде 74 үй, ауданы 209 мың шаршы метр болатын 3412 пәтер қалалық құрылыс басқармасының желісімен салынады», - деді ол.

Оның айтуынша, былтыр Алматыда 832 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 6600 пәтер пайдалануға берілген. Сондай-ақ, қазір қалалық құрылыс басқармасымен 34 әлеуметтік нысан бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Биыл қала бойынша 342 нысан салынып жатыр. 117 нысанның құрылысы жобалау кезеңінде. Салынып жатқан нысанның 133-і биыл тапсырылады, олардың ішінде 74 нысан тұрғын үй болып отыр», - деді Б.Сауранбаев.

Соңғы жаңалықтар