Алматыда биыл 120 көше жөндеуден өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда биыл 120 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

Басқарманың таратқан мәліметіне сәйкес, биыл қаланың 6 ауданында 50 шақырымнан асатын жаңа жол салынады. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, Жандосов көшесіндегі BRT желісінің құрылысы аяқталады. Абай мен Саин көшелері созылатын болды. Сейфуллин мен Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы жол айрығы, Рысқұлов даңғылы мен Құлжа тас жолының қиылысындағы жол айрығы әрі қарай жалғасатын болады.

Сондай-ақ, Бұқтырма көшесі мен Құлжа тас жолының қиылысатын тұсына жол айрық салу көзделген. Қала әкімі аталған жұмыстардың қысқа мерзімде орындалуын міндеттеді. Әр жөнделетін нысанның тұсында мердігер компанияның аты, байланыс нөмірлері жазылған нысан паспорты орнатылады. Онда жұмыстардың аяқталу мерзімі де көрсетіледі.

Айта кету керек, Алматыда бұған дейін 524 көше жөндеуден өткен. Мұстафин, Сүлейменов, Тимирязев көшелері де BRT желісімен қайта жөнделді.

Соңғы жаңалықтар