Алматыда бірнеше тұрғын үй газдан ажыратылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бірнеше  нысан  көгілдір отыннан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Алматы бөлімшесіне сілтеме жасап.

5-7 желтоқсанда Абылай хан - Әуезов - Тұзов - Марков - Бұхар жырау - Есентай өзенінің жағасында орналасқан ғимараттар газдан ажыратылады.

Көгілдір отын беру жер асты төмен қысымды газ құбырын қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін уақытша тоқтатылады. Жөндеу жұмыстары Алмалы ауданындағы Мұратбаев көшесінде, Әйтеке биден бастап Құрманғазы көшесіне дейінгі аймақта жүреді.

«Газды уақытша ажырату тұрғын үй ғимараттарындағы температура режіміне әсер етпейді. Өйткені бұл аумақта көппәтерлі тұрғын үйлер газды тек тамақ дайындау үшін пайдаланады», - делінген хабарламада.

Газ құбырларын жаңарту қайта салу жұмыстарының аяқталуына қарай кезең-кезеңмен жүзеге аспақ. Ол қалалық газ жүйесін апатсыз пайдалануды қамтамасыз ету үшін қажет болып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар