Алматыда бірнеше мектепке «жарылғыш зат қойылды»

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы бірнеше мектепке бомба қойылғаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.

«Қаланың төтенше жағдайлар қызметі осындай хабарламаларға алғашқы ден қою аясында қазіргі уақытта бұл нысандарда жарылғыш зат бойынша зерттеу жұмыстарын атқарып жатыр. Саперлер комиссиялық тексеруді эвакуациясыз жүргізіп жатыр», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция Алматы тұрғындарын қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарап, жалған ақпарат таратпауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар