Алматыда бірнеше адамға несие алғызып, сазға отырғызған алаяқ әйел ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бірнеше адамға 65 млн. теңге несие алғызып, сазға отырғызған алаяқ әйел ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, дәл қазір бұл әйелдің 6 адамды алдап, 65 млн. теңге несиесін қолды еткені белгілі болды. Жапа шеккендердің бірі - 1983 жылы туылған алматылық азаматша әйелдің айтқанына алданып, 5 банктен жалпы сомасы 14 млн-ға жуық несие рәсімдеген.

«Алаяқ әйел банктегі таныстарын алға тартып, адамдарға қайтарымсыз несие алып берем деп алдаған. Мақсатына жеткен соң несие алған адамға аздаған сома ұстатып, қалған ақшаны өзі иемденетін болған», - деді қалалық ІІД криминалды полиция басқармасының басшысы, полиция майоры Жанболат Зиадин.

Полиция майорының айтуынша, қазір аталған дерек тексерілуде. Алаяқтың әрекетінен жапа шеккен азаматтардың қарасы бұдан көп болуы мүмкін.

«Оңай олжаға кенелгісі келіп, қауіпсіздік шараларын ұмытқан азаматтар болса, 254-43-93, 254-40-12 телефон нөміріне хабарлассын. Кез келген ақпаратқа сенбес бұрын, оны тексеріп алуды ескертеміз», - деп қорытындылады сөзін Жанболат Зиадин.

Соңғы жаңалықтар