Алматыда бірқатар үйлерде 5 күн газ болмайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 22 қазанынан 27 қазанына дейін Наурызбай және Алатау аудандарында бірқатар үйде газ өшіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы ҚТГ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурызбай ауданында «Абай даңғылын ұзарту» жобасы бойынша жол құрылысына байланысты Сәдуақасов («Достық» ш.а.) және Пионерлер («Достық» ш.а.), Айбергенов көшелері (Шұғыла ш.а.), Райымбек даңғылында орналасқан жеке сектордағы 4499 үй және ұжымдық сектордағы 8 қосылымда газ өшіріледі. Сондай-ақ, «Қалқаман»-1,2 және «Алтын Бесік» шағын аудандарында газ беру тоқтатылады. 

Алатау ауданында жерасты газ құбырын ауыстыру жұмыстарына байланысты Емцов көшесі мен Рысқұлов даңғылының бұрылысында, апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты Рысқұлов даңғылы мен Алматинка өзені бойында, Б.Момышұлы-Райымбек-Солтүстік айналма жол учаскелерінде көгілдір отын болмайды.

Соңғы жаңалықтар