Алматыда бірқатар тұрғын үй мен нысандар газдан ажыратылады

2021 жылғы 17 қазан, 22:47
Алматыда бірқатар тұрғын үй мен нысандар газдан ажыратылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда профилактикалық жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар тұрғын үй газдан ажыратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының мәліметінше, Д-720 мм орташа қысымды жерасты газ құбырына апатқа қарсы профилактикалық жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Бостандық ауданының тұтынушыларына газды үздіксіз беру мақсатында газ құбырының учаскесін ауыстыру қажет. Осыған байланысты 18-19 қазан аралығында «Нұр Алатау» шағынауданының әл-Фараби даңғылы - Тоқжайлау - Қожакеев – Подгорная көшелері; Мирас шағынауданының Лисянский көшесі бойында орналасқан тұрғын үйлері мен нысандары газдан ажыратылатын болады», - делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта жөндеу-апаттық бригадалары газбен жабдықтау бойынша жұмыстың қалыпты режимін тез арада қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараны қабылдауда.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ АӨФ қала тұрғындарынан қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауды сұрады.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar