Алматыда бірқатар рейс әуежайға қона алмады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыға қалың тұман түсіп, бірқатар халықаралық рейс Шымкент пен Бішкектің қосымша әуежайларында аялдауға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы Халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұманға байланысты үш халықаралық рейс уақытында Алматыға қона алмаған. 

«Тұманға байланысты үш халықаралық рейс Алматы әуежайына қона алмады. Атап айтқанда, У-Тапао-Паттайя мен Дубайдан шыққан ұшақтар Шымкентке қонды. Таңертең тұман сейілгенде Дубай 9-40-та, У-Тапао 9-45-те қонды. Минскіден шыққан ұшақ Бішкекте күтіп, 8-45-те қонды. Қазір барлық рейстер қалпына келтірілді», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, Алматы халықаралық әуежайында 5-6 ақпандағы бір тәулік ішінде техникалық және өзге де себептерге байланысты 20 ұшақ уақытынан кешігіп ұшты. Кешіктіріліп ұшырылған рейстердің тізімі Әуежайдың Фейсбуктегі парақшасында жазылды.   

Соңғы жаңалықтар