Алматыда бірқатар мекемеге жарылғыш зат қойылды деген ақпарат жалған - полиция

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы қаладағы соттардың ғимаратын тексеріп шықты. Ғимараттарда жарылғыш зат қойылған деген ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, белгісіз біреулер Алматыдағы бірқатар ғимараттарда жарылғыш зат бар екенін хабарлаған.

Қазір қаланың жедел және шұғыл қызмет өкілдері Алматыдағы бірқатар мекемелерде, атап айтқанда сот ғимараттарында тексеру жүргізді. Арнайы алгоритмге сәйкес, ғимараттардан адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп, көліктер қашықтау жерге апарылды.

Тексеру қорытындысына сәйкес, жарылғыш зат туралы ақпарат жалған болып шықты.

Алматы полициясы азаматтарды сабырлық сақтап, қаладағы қауіпсіздік шараларын атқаруға түсінікпен қарауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар