Алматыда бірқатар көшелер жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көшелер жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Асқаров көшесінің бойында Арычныйдан Абай көшесіне  дейін асфальт бетон жабындысы төселеді. Осыған байланысты 25 маусым мен 1 шілде аралығында  осы аумақта көлік қозғалысы шектеледі. Сондай-ақ, 28 маусым мен  1 шілдеге аралығында Жарокова көшесінің бойы Байқадамовтан Ходжанов көшесіне дейін жабылады», - делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар