Алматыда бірқатар көше жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшелерінде инженерлік желілер қайта тартылып, қоғамдық көліктерге арналған BRT жылдамдық жолағы жасалатындықтан бірқатар көшеде қозғалыс уақытша тоқтатылады. Бұл туралы қала әкімдігі баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12-20 мамыр күндері Тимирязев көшесінің бойы Желтоқсан мен А.Байтұрсынов көшелеріне дейін көлік қозғалысы шектеледі.

Жөндеу жұмыстарына байланысты жүргізушілер бағытын алдын-ала жоспарлап алуы ескертілді.

Соңғы жаңалықтар