Алматыда бірқатар ірі ауруханалардың басшылары ауысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бірқатар ірі емдеу мекемелерінің басшылары ауысты. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, №7 клиникалық аурухананың бас дәрігері Баймаханов Болат Бимендеұлы Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургиялық орталығының директоры қызметіне тағайындалды.

Баймаханов аталған мекемені 4 жыл бойы басқарып келеді. Осы жылдары №7 емхана трансплантология бойынша республикалық деңгейде алдыңғы орындарға шықты. Өткен жылы 43 бүйрек, 6 бауыр ауыстырылды. 2012 жылдан бері 143 науқастың бүйрегі ауыстырылды. Биыл мамыр айында шетелдік дәрігерлердің қатысуынсыз 13-ші науқастың бауыры ауыстырылды.

№7 ауруханаға басшылыққа Аманов Әнуар Тұрсынжанұлы келді. Ол бұған дейін №4 аурухананы басқарып келген. Айта кету керек, аталған ауруханада енгізілген ғылыми әдістемелердің саны 46-ға жетті.

Бұл мекемеге басшылыққа қалалық Шұғыл жедел медициналық көмек ауруханасын басқарып келген Сейдуманов Манат Тұрарұлы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар