Алматыда бірқатар автобустың маршруты уақытша өзгерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бірқатар автобустың маршруты өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысындағы бағдаршамның істен шығуына байланысты қоғамдық көлік маршрутына өзгеріс енгізілді.

Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысындағы бағдаршамның кабель кәрізін апаттық қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Осыған байланысты қаңтар айының 9 мен 11 аралығында Райымбек даңғылымен шығыс бағыттағы қоғамдық көлік қозғалысы уақытша жабық болады.

«4, 7, 11, 23, 50, 54, 59, 69, 78, 117, 141 маршруттары уақытша Райымбек даңғылы бойындағы тоннель арқылы ұйымдастырылып, жолаушыларды отырғызу мен түсіру үшін аялдама уақытша Жангелдин көшесі қиылысында орналасады» деп хабарлады Алматы қалалық мобильділік басқармасы.

Сонымен қатар №203, 207, 204, 221, 208, 220, 222, 224, 228 қала маңы маршруттары уақытша Жангелдин – Мақатаев көшесі – Көкбазар және кері қарай да осы бағыт бойынша ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар