Алматыда бірқатар автобустың бағыты уақытша өзгерді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жеңіл атлетика чемпионатының өткізілуіне байланысты 29 наурыз күні бірнеше автобустың бағыты уақытша өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық мобилділік басқармасы тартақан мәліметке сәйкес, төмендегі маршруттардың қозғалыс сызбасына уақытша өзгеріс енгізілді:

№ 105 - Оңтүстік бағытта – Б. Момышұлы көшесі – Аднан Мендерес көшесі (Универсиадная көшесі) – Б. Момышұлы көшесіне параллель орналасқан көшеге оңға қарай бұрылып – «Атлетикалық ауыл ТК» аялдамасына барғаннан кейін кері қарай бұрылып (шығыс) – Аднан Мендерес көшесі – Б.Момышұлы көшесі – әрі қарай схема бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз;

№ 19 – Батыс бағытта – Аднан Мендерес көшесі (Универсиадная көшесі) – Б.Момышұлы көшесіне параллель орналасқан көшеге солға қарай бұрылып – «Нұркент» соңғы аялдамасына қарай бағыттайды, әрі қарай сызба бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз;

№ 201 - Оңтүстік бағытта -Б. Момышұлы көшесі – Аднан Мендерес көшесі (Универсиадная көшесі) – Б.Момышұлы көшесіне параллель орналасқан көшеге солға қарай бұрылып – «№209 мектеп-гимназиясы» соңғы аялдамасына қарай бағыттайды, әрі қарай сызба бойынша, кері бағытта – өзгеріссіз.


Соңғы жаңалықтар