Алматыда бірқатар автобустың бағыты уақытша өзгерді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда түсірілім жұмыстарына байланысты бірнеше көше уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы әкімдігі тартақан мәліметке сәйкес, мегаполисте мына көшелер жабылады:
- 9 ақпан күні сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін № 80 солтүстік бағытта – Манас – Шевченко – Әуезов – Гоголь - Байзақов көшесі әрі қарай кесте бойынша, кері бағытта – Байзақов – Гоголь - Әуезов – Төле би – Байзақов көшесі әрі қарай сызба бойынша;
№ 22 оңтүстік бағытта – Әуезов – Гоголь әрі қарай схема бойынша, кері бағытта – Гоголь – Әуезов көшесі әрі қарай кесте бойынша.
«Түсірілім барысында түтін, пиротехникалық құралдар қолданылады, сондай-ақ қатты әрі шұғыл дыбысты көріністер болады. Кейде түсірілім адам көп жиналатын орында да болады»,- деп хабарлады әкімдіктен.
Естеріңізге салайық, Алматыда көркем фильм түсірілімі аяқталуға жақын. Фильм өндірісіне жауапты компания жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына ескертті және уақытша қолайсыздық үшін алматылықтардан алдын ала кешірім сұрайды.