Алматыда бірқатар автобус бағыттары өзгерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бірқатар автобус маршруттары жабылып, өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл өзгерістер Citybus мобильді қосымшасында жарияланды.

Атап айтқанда, 49-маршрут кестеден алынып тасталды. Ал 34-маршруттың қозғалысы өзгертілді. Ендіге кезекте жолаушылар Орбитаға дейін жетпейді, Мега-орталық жанындағы Қожабеков көшесіне дейін жетіп тоқтайды.

Сонымен қатар, 73-маршрут бағыты ұзартылды. Енді 73-автобус Балтабаев көшесінен Алматы-1 вокзалына дейін баратын болады.

№11 автобус маршруты «Асыл Арман» шағын ауданынан бармайды, оның орнына 16 маршрут қызмет етеді.

«49-маршрут 11 маршрутты қайталайтын болған соң алынып тасталды. Ал 11-маршрут автобустары енді Абай саяжайларына дейін ғана қатынайтын болады»,- деді баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар