Алматыда бірқатар аудандар мен көшелерге екі күн бойы суық су берілмейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Рысқұлов даңғылының солтүстік бөлігі екі күнге суық судан ажыратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«15-17 маусым аралығында Түрксіб ауданында Рысқұлов даңғылының солтүстігінде орналасқан бірнеше ғимарат пен үйлер суық судан ажыратылады. Сондай-ақ, осы уақытта «Айша бибі», «Атырау», «Қайрат», «Нұршашқан» шағынаудандары және Рысқұлов-Герцен-Хмельницкий-Айтықов-Шемякин және Хмельницкий-Гете- Бекмаханов – Майлин көшелерінің бойындағы тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға су берілмейді» деп хабарлады «Алматы Су» компаниясы.

Сонымен қатар, «Құлагер» шағын ауданындағы Омаров көшесі мен Айтмаутов-Сүйінбай-Осипенко-Бурундайская көшелеріндегі сумен жабдықтау желілерінде қысым төмендеуі мүмкін.

Тапсырыс бойынша денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандарға су тасымалданады.

«Суық сумен жабдықтау қызметіне шектеулер Құлжа трассасындағы су желілерін ауыстыру жұмыстарының екінші кезеңі аясында енгізілді» деп атап өтті «Алматы Су».

Соңғы жаңалықтар