Алматыда бірінші тоқсанда экономиканың барлық саласында қарқынды өсу байқалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтің төрағалық етуімен мегаполистің биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын талқылаған жиын өтті.

Онда ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қаланың динамикалық түрде дамып келе жатқандығы атап өтілді. Мысалы, жыл басынан бері өндіріс орындары 137,1 млрд. теңгенің өнімдерін шығарды. Нәтижесінде, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғандағы өсім 3,4% пайызды құрады. Өнім өңдеу өнеркәсібінде өсім 8,5%-ды құрайды. Биылғы жылдың үш айы ішінде негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемі 74,1 млрд. теңгеге жетті немесе 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 122,6% болды. Екінші деңгейлі банктер экономикаға 646,2 млрд. теңге несие бөлген, ол 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,9% артық. Барлық қаржы көздері есебінен 345,0 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, мұндағы өсу қарқыны 101,7% құрады. Алматы әкімі алдағы уақытта да осы қарқынды бәсеңдетпеуді ескертті. «Алматыда инфляцияны белгіленген деңгейде - 6-8% мөлшерінде ұстау қажет. Қала кәсіпорындарына қолдау білдіріп, экономиканы өсіру резервтерін іздестірген жөн. Кәсіптік органдарға мемлекеттік бағдарламалар аясында бюджет пен бөлінген қаржының тиімді пайдаланылуын қатаң қадағалауды тапсырамын», - деді Ахметжан Есімов.

Соңғы жаңалықтар