Алматыда Бірінші Офицерлер балы өтті (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Бірінші Офицерлер балы өтті. Офицерлер балы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуына орай әрі ұлттық қауіпсіздікті қорғау үшін мемлекеттік қызмет имиджін арттыруға мақсатында ұйымдастырылды. Бойжеткендер әр ұлттың киімдерін киіп шықты.

Вальс қадамдарын шебер көрсетуге 20 офицер іріктеліп алынды. Қалалық ІІД, ТЖД, ҚР ҰҚК ШҚ, ІІМ Академиясы, байланыс әскери институтының офицерлері 1 ай бойы «Богема» кәсіби би студиясында дайындалған.

Мәдени шара Алматы қаласы Қазахстан халқы Ассамблеясының қолдауымен, этномәдени бірлестіктердің, Алматы қаласы Әуе Қорғаныс командасының ұйымдастыруымен өтті.

«Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасы халқының бірлігінің, елдің қауіпсіздік күштері бірлігінің айқын көрінісі болды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-ші сессиясының күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» ұранымен өткен кеш «Үлкен ел-үлкен отбасы» Ұлттық-патриоттық жобасының басталуына серпін берді», - деді Алматы қаласы Әуе Қорғаныс бригадасының капитаны, аға офицер Дінмұхаммед Нұрақаев.

Мерекелік кешке әскери ұйымдардың басшылары және құқық қорғау органдарының жетекшілері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт саласының дамуына еңбегі сіңген қайраткерлер қатысты.

Соңғы жаңалықтар