Алматыда біріккен университеттік аурухана салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жақында фармацевтикалық және медициналық кластерлер пайда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігі «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын басқарушы ретінде «Алатау технопаркі» ЖШС-ны белгіледі.

Аймақта «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ 6 мың студентке арналған жаңа кампус құрылысын бастамақ. Құрылыста 1000 жұмыс орны ашылады.

С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті жанынан ашылатын біріккен университеттік ауруханада 1400 төсек орны болады.

Нысан құрамына «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығы» АҚ, «Онкология және радиология Қазақ ғылыми зерттеу институты» АҚ, «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институты» АҚ, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ, «Акушерлік және гинекология мен перинаталогия ғылыми орталығы» АҚ, «Психикалық денсаулық Республикалық ғылыми практикалық» РМК кіреді.

Жобаны жүзеге асыру барысында 4 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады.

«Сонымен қатар, С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің 11 мың студентке арналған жаңа кампусын салу жоспарланған. Жоба арқылы студенттер оқу процесінен ажырамай отырып практикалық білім ала алады», - деді «ИТП» АЭА баспасөз қызметінен.

Бүгінде бірқатар инвестор арнайы аймақта зауыт салуға құлықты болып отыр.

1. «Viva Pharm» ЖШС онкологиялық, кардиологиялық дәрілер, антибиотиктер, анальгетиктер, витаминдер, кортикостероидтарды өндіретін зауыт ашады.

2. «Dolce Pharm» ЖШС тоқылмаған материалдан маска, қолғап, пластырь тағы басқаларды өндіретін өндіріс ашпақ.

3. «KazTechInnovations» ЖШС – жасанды тыныс алу аппараттары, монитор, оттегі генераторларын шығаратын өндіріс ашады

4. «Demeu Trading» ЖШС жеке қорғаныс құралдарын өндіретін зауыт ашпақшы.

Одан бөлек, 13 инвестор Pfizer Export B.V. өкілдігі, АО «АФФ Нобел», «Abdi Ibrahim Global Pharm» ЖШС, Polpharma SA, «Сервье Казахстан» ЖШС, «AB Pharm 2007» ЖШС, «Boston Biopharma» ЖШС, «Akniet Pharmaceuticals» ЖШС, «Бирунифарм» ЖШС, «Сұлтан» ЖШС, «Фирма Кызыл Май» кәсіпорны, «Фитолеум» ЖШС, «ЗЕРДЕ»ЖШС өз жобаларын іске асырады.


Соңғы жаңалықтар