Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының үйі ашылды

None
None
АЛМАТЫ. Қазақпарат - Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымы үйінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Халықаралық стандарттарға және қауіпсіздік талаптарына сай салынған кеңсенің ашылуына елшілік корпустарының және БҰҰ-ның 14 өңірлік офистерінің өкілдері қатысты.

Қала әкімі Бауыржан Байбек Алматының тұрақты дамуды ұстанатынын атап өтті.

«Адамдарға арналған қала» концепциясы аясында қоғамдық кеңістік жаңғырып келеді. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдайлар жасалуда. БҰҰ-ның Даму бағдарламасына сай «Тұрақты көлік» жобасы жүзеге асырылып жатыр.

null  

«Алматыда 29 консулдық пен сауда өкілдіктері бар, сонымен қатар ірі трансұлттық компаниялардың 60-тан астам офисі орналасқан. Қазақстан - бейбітшілікті сүйетін әрі қауіпсіз ел. Мемлекет басшысының институционалды реформаларының арқасында тұрақты экономикалық өсім бар. Біз қаланы халықаралық ұйымдардың өңірлік хабына айналдыру үшін жүйелі жұмыстар жүргізудеміз. Бүгін ДДҰ Алматы декларациясына қол қойылғанына 40 жыл толуына арналған «Мэрлер саммитінің» өтуіне орайластырылған БҰҰ-ы жаңа үйінің тұсаукесері біздің ортақ ынтымағымыздың тарихына алтын әріптермен жазылатынына сенімдімін», - деді Бауыржан Байбек.null

Өз кезегінде ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік директоры Афшан Хан Алматыдағы жаңа офистің өңірлік өкілдіктер қызметіне тың серпіліс беретінін және Қазақстанның өркендеуіне үлес қосатынын, ал Қазақстанның БҰҰ одан әрі дамуына барынша ықпал ететінін атап өтті.null 

«БҰҰ Бас хатшысының атынан Қазақстанға, сыртқы істер министрлігіне, қала әкімшілігіне осындай игі шараларды жүзеге асырғандары және барлық өңірлерде тұрақты дамуды мақсат еткендері үшін алғыс айтамын. Бұл жаңа офис халықаралық ұйымдармен ғана емес, сонымен қатар елдің дарынды жастарымен де ынтымақтастықты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер береді», - деп атап өтті Афшан Хан.

БҰҰ үйі қаланың іскер ауданында, Ботаника бағы мен «Атакент» көрме орталығына және негізгі магистральдарға жақын жерге орналасқан. ББҰ-ның өкілдігі жаңа офиске жыл соңына дейін көшеді деген жоспар бар.

Бұдан бұрын Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымы күнін мерекелеу қарсаңында аталмыш ұйымның жаңа ғимаратының ресми тұсаукесері өтетіндігі хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар