Алматыда бірден төрт көлік соғылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апаты салдарынан төрт көлік зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаппай көлік апаты Жансүгіров көшесіне жетпей Сейфуллин даңғылында болды.

Зардап шеккендердің айтуынша, бағдаршамның қосымша белгісінің «жасыл» түсін күтіп Toyota RAV-4, Mitsubishi Galant және Nissan Maxima көліктері тұрған. Соңғы машинаға жүйіткіп келіп, қызыл Ford Fiesta соғылған. Дойбы принципімен қалған көліктер бір-біріне соғылған.

Қызыл Ford Fiesta-ның жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетпек болған. Бірақ апатқа куә болғандар оны тоқтатып, полиция шақырған. Олардың сөзінше, ер адам өз іс-әрекетіне жауап бере алмайтын күйде болған.

Жедел жәрдем бригадасы RAV-4 жүргізушісі - әйел адамды ауруханаға жеткізді.null null 

 

Соңғы жаңалықтар