Алматыда бірден 7 көлік соғылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бір біріне соғылған 7 көлік ықшам аудандағы жолда кептеліс тудырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік апаты Жандосов пен Алтынсарин көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлдердің айтуынша, Тoyota Camry Алтынсарин көшесімен солтүстік бағытқа кетіп бара жатқан, оған қарсы келе жатқан Тоyota Carina Жандосов көшесіне қарай солға бұрылмақ болған. Алайда, Сamry оны жіберудің орнына барып, оған соғылған. Қатты соққыдан Сamry сырғып барып, Алтынсарин көшесімен кетіп бара жатқан Газель шағын автобусына соғылған. Одан қашамыз деген тағы бір Сamry мен 103 бағдарындағы автобус бір бірін сырып өткен. Кептелістен өтіп кетпек болған Honda CRV және Volkswagen көліктері бір біріне соғылған. Осылайша 7 көлік бір мезетте соғылған.
null 

Айта кетейік, аталған жол қиылысына жақын орналасқан Пятницкий көшесінде жылу желісі жарылып, жол бетіне мұз қатқан.
null 

Жол апатынан Toyota Carina-ның екі жолаушысы зардап шекті.

Соңғы жаңалықтар