Алматыда бір түнде 39 жол апаты болып, екі адам көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы жүргізушілерді жолда абай болуға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы ауа райының қолайсыздығы ең бірінші жолдағы ахуалға тікелей әсер етеді. Осы орайда, барлық көлік жүргізушілеріне өз техникалық құралдарын қысқы мезгілге дайындап, дөңгелектерін айырбастауын сұраймыз. Ең бастысы жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жүргізушілік мәдениетті ұстануы тиіс. Жол үстінде өзара сыйластық таныту ең бірінші жол қауіпсіздігінің кепілі және алып шаһардағы жол көлік оқиғаларын болдырмаудың бірден бір кепілдігі екендігін баса айтамыз»,– дейді полициядағылар

Кеше кешкі уақыттан бері Алматы қаласы аумағында 39 жол көлік оқиғасы тіркеліп, одан 9 адам зардап шегіп, 2 адам қаза тапты.


Соңғы жаңалықтар