Алматыда бір түн әуежайда түнеуге мәжбүр болған 180 турист Түркияға ұшып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бір тәулік әуежайда түнеуге мәжбүр болған 180 турист бүгін таңғы 7-де Түркияға ұшып кетті.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы қалалық әуежайының баспасөз қызметінің маманы Мырзанов Дәурен айтты.

Жолаушылардың барлығы «Гульнар-Тур» туристік фирмасынан Антальяға туристік жолдама алған. Олар күткен ұшақ 1 тәулік бойы келмеген соң, жолаушылар баспанасы барлары үйді-үйіне тарап, жоқтары әуежайда түнеуге мәжбүр болған.

Туристік фирма түркиялық «AtlasJet» компаниясының әуе билеттеріне тапсырыс берген. Алайда, аталған компанияның ұшағы Алматыға 1 тәуліктен соң келген.

«Біздің «AtlasJet» компаниясынан билет сатып алдық. Ол компаниямен келісім жақында жасалды. Бұл - аталған компанияның Қазақстандағы бірінші рейсі. Рейстің не үшін кешіккенін білмеймін. Мүмкін рейсалды тексеру болған шығар. Жолаушылар бүгін таңғы сағат 7-де ұшып кетті», - деді «Гульнар Тур» фирмасының заңгері Ирина Самойлова.

Соңғы жаңалықтар