Алматыда бір топ адам 10 мың теңгелік жалған банкноттарды өткізіп келген

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 10 000 теңгелік жалған банкноттарды сатумен айналысқан бір топ адамның қылмыстық әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген тінту барысында қылмыстық әрекеттің заттай айғағы - жалған банкноттар, ұялы телефондар және басқа да заттар табылып, тәркіленген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бір күдікті қамауға алынды.

Қазіргі уақытта екінші күдіктіні ұстау үшін жедел іздестіру шаралары басталған.

Сондай-ақ, басқа тұлғалардың заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы анықталу үстінде.

«Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды» деп мәлім етті агенттіктің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Соңғы жаңалықтар