Алматыда бір тәулікте 97 жол апаты болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ауа райының қолайсыздығынан өткен тәулікте 97 жол апаты орын алған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек хабарлады.

«Кешеден бері оңтүстік астанада қалың қар жауып, көктайғақ болды. Осы уақыт аралығында 97 жол апаты орын алған. 16 адам жапа шекті, қаза болғандар жоқ. Қалыпты жағдайда күніне 30-40 жол апаты орын алатынын айта кету керек»,- деді С.Әзірбек.

ІІД өкілі қалалық жүргізушілерге қысқы қауіпсіздік шараларын сақтауға, атап айтқанда, дер кезінде жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстыруға, жылдамдықты арттырмауға кеңес берді.

«Казгидромет» РМК ауа райы болжамына сәйкес Алматыда келесі аптаның басында күн күрт суытып, түнде ауа температурасы -20 градусқа дейін төмендейді. Бұрқасын тұрып, күшті жел соғады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар