+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Алматыда бір тәулікте 7,4 мың адам вакцина алды

2021 жылғы 28 қыркүйек 11:24
Бөлісіңіз:
Алматыда бір тәулікте 7,4 мың адам вакцина алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 7 469 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы әуежайында 47 жастағы ер адам полицейдің ар-намысына тигені үшін ұсталды Алматы жедел жәрдем қызметіне тәулігіне 2800 қоңырау түседі ШҚО-да скрининг нәтижесінде обырға шалдыққан 65 әйел анықталды

«27 қыркүйек күні 7469 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 2 746, II компонентін 4 723 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 27 қыркүйегі аралығында қалада 946 202 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 846 787 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 117 761 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 149 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 214 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT