Алматыда бір тәулікте 658 адамнан коронавирус анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 3767 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 658 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен - 602, симптомсыз – 56 науқас тіркелді.

«Инфекциялық стационарларда 3767 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 99 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 232 адам жатыр. Ал 34 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 70 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5176 пациент бар. Оның ішінде 4549 адамда індет белгілері болған, олар орташа ауыр жағдайда. 627 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар