+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматыда бір тәулікте 6 мыңнан астам адам вакцина алды

2021 жылғы 22 қыркүйек 10:24
Бөлісіңіз:
Алматыда бір тәулікте 6 мыңнан астам адам вакцина алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 6323 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тәуелсіздіктің 30 жылында Алматы қаласы қалай дамыды Алматыда жаяу жүргіншіні автобус қағып кетті Алматы облысында бірнеше көлік апаты болды, көз жұмғандар бар

«21 қыркүйек күні 6 323 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 2 417, II компонентін 3 906 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 21 қыркүйек аралығында қалада 933 678 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 827 239 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 117 036 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.
Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.
«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT